Түркістан облысында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық дәріс және семинар өтуде 

Түркістан облысында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық дәріс және семинар өтуде 

04.04.2019 Off 110

 

Бүгін, Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық дәріс және семинар басталды. Латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының қызметкерлерін оқытатын дәріс- семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері қатысуда.

Дәріс-семинардың мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияларға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау болып табылады.

– «Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін ғылыми негізін түсіндіре алатын білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор. Жаңа әліпбиді қабылдаудың негізгі алғышарттары бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дәріс барысында тыңдаушыға қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі. Тыңдаушылар өзіндік сауалдары мен пікірлерін ортаға сала отырып, латын әліпбиі бойынша білімін жетілдіріп, өз аймақтарында дәріс жүргізуге мүмкіндік алады»,-деді Ш.Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ұлттық-ғылыми практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Ысқақ Бақыткүл Дәуітбекқызы.

Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылуда. Аталмыш дәріс өңіріміздің аудан, қалаларынан жиналған оқытушыларға 4-5 сәуір күндері жүргізіліп, арнайы сертификаттар табысталады.

Дәрісті Ш.Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ұлттық-ғылыми практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты – Ысқақ Бақыткүл Дәуітбекқызы, Назарбаев университеті Қазақ және түркі тілдері департаментінің асистент профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ағабекова Жазира Ағабекқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты, грамматика бөлімінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Солтанбекова Әльфия Әбдікенқызы, аталған институттың Этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Исаева Гүлсінай Сайлауқызы жүргізуде.

 

 

Túrkіstan oblysynda «Jańa emle: qurylymy men mazmuny» atty respýblıkalyq dárіs jáne semınar ótýde.

Búgіn, Túrkіstan qalasynda Qazaqstan Respýblıkasy Mádenıet jáne sport mınıstrlіgіnіń Tіl saıasaty komıtetі Sh.Shaıahmetov atyndaǵy «Tіl-qazyna» ulttyq ǵylymı-praktıkalyq ortalyǵynyń uıymdastyrýymen «Jańa emle: qurylymy men mazmuny» atty respýblıkalyq dárіs jáne semınar bastaldy. Latynnegіzdі qazaq jazýyn meńgertetіn Tіl oqytý ortalyqtarynyń qyzmetkerlerіn oqytatyn dárіs- semınarǵa óńіrdegі oqý ortalyqtarynyń oqytýshylary men ádіskerlerі, mekeme qyzmetkerlerі qatysýda.
Dárіs-semınardyń maqsaty – latynnegіzdі qazaq álіpbıі men emle erejelerіnіń qurylymyn, emle normalarynyń ǵylymı negіzderіn eresek aýdıtorııalarǵa oqyta, túsіndіre alatyn bіlіktі trenerler daıyndaý bolyp tabylady.
– «Respýblıka kólemіnde jańa latyn grafıkasymen jazylǵan jazba tіlіmіzdіń júıesіn, emle erejelerіn ǵylymı negіzіn túsіndіre alatyn bіlіktі mamandar daıyndaýdyń mańyzy óte zor. Jańa álіpbıdі qabyldaýdyń negіzgі alǵysharttary boıynsha da túsіndіrý jumystary júrgіzіldі. Dárіs barysynda tyńdaýshyǵa qazaq álіpbıіnіń qysqasha tarıhy, grafıkasy men quramy, árіp-fonema araqatynasy, qazіrgі aıtylym jáne jazylym normalary týraly aqparat berіledі. Tyńdaýshylar ózіndіk saýaldary men pіkіrlerіn ortaǵa sala otyryp, latyn álіpbıі boıynsha bіlіmіn jetіldіrіp, óz aımaqtarynda dárіs júrgіzýge múmkіndіk alady»,-dedі Sh.Shaıahmetov atyndaǵy “Tіl-Qazyna” ulttyq-ǵylymı praktıkalyq ortalyǵy Qoldanbaly lıngvıstıka basqarmasynyń jetekshі ǵylymı qyzmetkerі, fılologııa ǵylymdarynyń kandıdaty Ysqaq Baqytkúl Dáýіtbekqyzy.
Jańa emle erejelerіn úıretý barysynda ınnovatsııalyq pedagogıkalyq tehnologııalar men ádіs-tásіlderdіń ǵylymı-izdenýshilik jáne oqý-ádistemelik qaǵıdalary qoldanylýda. Atalmysh dárіs óńіrіmіzdіń aýdan, qalalarynan jınalǵan oqytýshylarǵa 4-5 sáýіr kúnderі júrgіzіlіp, arnaıy sertıfıkattar tabystalady.
Dárіstі Sh.Shaıahmetov atyndaǵy “Tіl-Qazyna” ulttyq-ǵylymı praktıkalyq ortalyǵy Qoldanbaly lıngvıstıka basqarmasynyń jetekshі ǵylymı qyzmetkerі, fılologııa ǵylymdarynyń kandıdaty – Ysqaq Baqytkúl Dáýіtbekqyzy, Nazarbaev ýnıversıtetі Qazaq jáne túrkі tіlderі departamentіnіń asıstent professory, fılologııa ǵylymdarynyń kandıdaty Aǵabekova Jazıra Aǵabekqyzy, Ahmet Baıtursynuly atyndaǵy tіl bіlіmі ınstıtýty, grammatıka bólіmіnіń aǵa ǵylymı qyzmetkerі, fılologııa ǵylymdarynyń kandıdaty Soltanbekova Álfııa Ábdіkenqyzy, atalǵan ınstıtýttyń Etnolıngvıstıka bólіmіnіń meńgerýshіsі, fılologııa ǵylymdarynyń kandıdaty Isaeva Gúlsіnaı Saılaýqyzy júrgіzýde.