Есімдері ел есінде қалатын батырлар

Есімдері ел есінде қалатын батырлар

05.07.2019 Off 330

OQSYZ.  Қ. А. Ясауи атындағы   Халықаралық қазақ-түрік
университетінің доценті Әдемау Толысбаеваның Арыс қаласына жасаған сапарында ерлік істерге барған ұстаздар мен тәрбиешілер жайлы материалдарын назарларыңызға ұсынуды жөн санадық.

БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ІСТЕРІ  ЕРЛІКПЕН ПАРА – ПАР

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты арнайы жіберілген жұмыс тобы оқиға орнына барып, мектеп , балабақшалардың жай – күйімен танысты. Біздің топтың нақты мақсаты – білім ұялары мен мектепке дейінгі тәрбие беруге арналған мекемелерді аралап, қызметкерлерімен тілдесу. Осы орайдағы кезекті нысан –  Арыс қалалық Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Алтын тұмар» бөбекжай балабақшасына табан тіредік.

Әскери гарнизонның аймағындағы бұл бөбекжайға снаряд оқтары тиген. Сыртқы фасадтың орта тұсынан тиген оқ ұшқыны екінші қабаттың барлық жағына зақым келтірген. Біз апаттың салдарын таспаға түсіріп жүргенімізде алдымыздан орта жастағы қарапайым әйел шықты. Балабақшаның қираған үйіндісінен жарамды заттарды алып, ретке келтіріп жүрген жанмен таныса келе бөбекжай меңгерушісі Гауһар Шыналбайқызы Уәлиханова екенін біліп, сұқбатқа шақырдық. Болған жағдайларды өз көзімен көрген, басынан өткерген жанның жылап тұрып берген сұқбатына тебіренбеу мүмкін емес.

«…әдеттегідей 8:30-да біз балаларға таңғы астарын беруді бастадық. Мемлекеттік үлкен балабақша болғандықтан мұнда барлығын қосқанда 30 – дай қызметкер жұмыс істейді. Апат орын алған күні балабақшаға 113 бала келді. Сағат 9:15-те алғашы жарылысты естідік…бірінші қабаттағы бөлмелердің терезелері қирай бастағанда бірден бөбекжайдың дабылқағышы іске қосылды. Біз апаттық жағдай орын алғанын түсініп, балаларды шұғыл құтқару жұмысына кірістік. 26 тәрбиеші, есепші мен күзет қызметкері және жұмысшылар жан ұшыра балаларды көтеріп алып, көліктерге сала бастады. Арасында ата – аналарға да хабар бере жүріп, соңғы баланы қауіпсіз аймаққа алып кеткенше, бір де бір қызметкер жұмыс орнын тастап, үйлеріне кетпеді. Себебі алдымызда бейкүнә сәбилер не болғанын да түсінбей үрейленіп жылауда. Бұл жағдайды тек аналар ғана түсінеді. Сын сәтте ана ең бірінші баланы ғана ойлайды. Періште бөбектердің ілінгенін көтеріп алып, көліктерге сала бердік. Келіп үлгерген ата – аналарға табыстап іште қалғандарын құтқару ғана болды – мақсатымыз. Тәрбиешілерге әр топтағы өз балаларын түгелдеп алып шығуын қайта – қайта ескерте жүріп, соңғы бала шыққанша тынбадық. Сол күні қаламыздың өртке оранып жатқанын көргенде қандай күйде болғанымызды тілмен жеткізу қиын. Ата – аналармен кеш батқанша хабарласып, бөбектердің қауіпсіздігіне көз жеткізіп болған соң ғана, өз отбасым кеткен Шымкент қаласына жолға шықтым» -, деп сөзің аяқтады.

Сұқбатқа жауап беріп тұрғанда да бар оқиғаны көз алдынан өткізген Гауһар ханым даусы дірілдей, әзер сөйлеп тұрды. Шынайы жанның балалардың алдындағы міндетін терең сезінген жауапкеркершілігі тәнті етті.

«Алтын тұмар» бөбекжайындағы бірде – бір бала қараусыз қалып, ата- анасынан адаспаған. Қаншама отбасылар балаларын таппай қалып, адасып жатқанда иманы мен ары мықты осы ұжым ерлік көрсетті. Бұл жандар қандай құрметке де лайық! Олар – бөбекжай меңгерушісі, тәрбиешілер, азпазшылар, жұмысшылар, әдіскерлер, ұстаздар! Педагогика саласы қыметкерлерінің еңбегін кейде, бейбіт күнде бағаламай жатамыз. Жадында қалған ЖАУАПКЕРШІЛІК деген киелі ұғым оларды сын сәтте таныта алды. Ерлік үшін деп емес, ел ертеңі – болашақ ұрпақты тәрбиелеп жатқан осы бір қарапайым жандар бар болғаны ерекше МІНЕЗ көрсетті. Ендеше, оларды ел танысын! ОЛАР:

1. Уалиханова Гаухар- меңгеруші
2. Дүкенбаева Айгүл – медбике
3. Керімқұл Құрманәлі – күзетші
4. Кадырбаева – Жанар аспазшы
5. Дүйсенбаева Гүлжан – тәрбиешінің көмекшісі
6. Омарова Ұлбала – тәрбиешінің көмекшісі
7. Алдажуманова Гүлфайруз – тәрбиеші
8. Алтаева Алия – тәрбиеші
9. Байтасова Лаура – медбике
10. Тайманов Нұрдаулет – есепші
11. Калкабекова Айгерім – аспазшы
12. Алимова Күлзипа – көмекші
13. Шулгаубаева Гүлназ – тәрбиеші
14. Момын Бибіхадиша – тәрбиеші
15. Байдабекова Тұрғанай – тәрбиеші
16. Иманкулова Жанар – кір жуушы
17. Тулеуова Рима – тәрбиешінің көмекшісі
18. Сугурова Гүлзина – тәрбиешінің көмекшісі
19. Ускенбаева Оразкүл – тәрбиешінің көмекшісі
20. Егеубаева Айгерім – ағылшын тілі маманы
21. Әбдір Гүлзат – іс жүргізуші
22. Еркінбекова Назипа – кір жуушы
23. Лантух Евгений – жұмысшы
24. Споров Евгений – сантехник
25. Айтманбетова Бернеш – тәрбиеші көмекшісі
26. Байдуллаева Дариға – аспазшы
27. Усипбаева Гулмира – тәрбиеші көмекшісі

 

(Жалғасы бар)