Өзбекстан: Сайлау учаскесінің жылжымалы дауыс беру жәшігі Ташкент қаласындағы ауруханаларда да жұмыс жасауда

Өзбекстан: Сайлау учаскесінің жылжымалы дауыс беру жәшігі Ташкент қаласындағы ауруханаларда да жұмыс жасауда

09.06.2019 Off 44

OQSYZ. Қазақстан Республикасында кезектен тыс Президент сайлауына Өзбекстан Республикасындағы қазақстандық азаматтар белсене қатысуда.

Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дарxан Сатыбалды өзінің отбасымен бірге Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратындағы №267 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Сонымен қатар, Ташкент қаласында ем алып жатқан Қазақстан азаматтарының өтінішіне орай сайлау учаскенің жылжымалы дауыс беру жәшігі Ташкент қаласындағы “Орзу” емxанасында жұмыс жасап, нәтижесінде Қазақстан азаматтарына дауыс беру мүмкіндігі қамтамасыз етілді.