Министр Жәнібековтер отбасына көңіл айтты

Министр Жәнібековтер отбасына көңіл айтты

13.04.2019 Off 24

OQSYZ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің жұбайы Қалихан Айдосқызы Жәнібекованың өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

-“Бүкіл өмірін халқына арнаған, ұлттық мүдде деген ұстанымды алға қойған, халықтың тарихы мен мәдениетін түгендеп өткен, жастардың болашағына алаңдайтын Өзбекәлі Жәнібеков сынды нар тұлғалы азаматтың жұбайы, ақмаңдай апамыз Қалихан Айдосқызы Жәнібекова да өмірдің бір мектебі боп, дүние салып барады.
Алланың бағындай болған Қалихан апамыздың өнерге, мәдениетке деген қамқорлығы, мейірімі, даналығы сағымға айналып, қобыз сарыны құлақ тұндырады.
Туғанын кім қияды дейсіз. Оңай емес екенін түсінеміз. Дегенмен тәубе дейтін де нәрсе бар. Ол кісі Өздеріңіз секілді арыс азаматтарға жарық күн сыйлады, өнегелі тәрбие берді. Немере, шөбере сүйді. Оның саналы өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі болып қалары сөзсіз.
Қалихан апайдың абыройлы істері мен жарқын бейнесі жадыларыңызда мәңгі сақталары айқын.
Жатқан жері жайлы болып, жаны пейіште шалқысын! Алдынан жарылқасын!”,-деді министр жеделхатында.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі М.Тынышбаев атындағы Қазақстан Көлік және коммуникация Академиясы баспаханасының директоры Бауыржан Өзбекәліұлы Жәнібековке аяулы анасы Қалихан Айдосқызы Жәнібекованың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтты.