Б. Сағынтаев Oberoi үнді компаниясының өкілдерімен туризм саласындағы ынтымақтастық келешегін талқылады

Б. Сағынтаев Oberoi үнді компаниясының өкілдерімен туризм саласындағы ынтымақтастық келешегін талқылады

05.12.2018 Off 53

OQSYZ.Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев даму жөніндегі басқарушы директоры Арджун Оберойдың басшылығымен Oberoi үнді компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz

Кездесу барысында компаниямен туризм саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстанда қонақ үй кешендері желісін салу және іске қосу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

1934 жылы құрылған Oberoi тобы 32 отельді, Нілде екі крейсерді және Кералы шығанағында моторлы кемелерді басқарады. Топ алты елде жұмыс істейді. Компания рейстерге қызмет көрсету, әуежайлардағы мейрамханалар, туристік қызметтер, автомобильдерді жалға беру, жобаларды және корпоративтік чартерлерді басқарумен айналысады. Oberoi технологияларда, жабдықтар мен өндірістік процестерде ең үздік тәжірибені пайдалануға тырысады. Қонақ үй менеджменті саласындағы сапалы дайындықтықтың маңыздылығын мойындай отырып, Oberoi Group 1966 жылы Нью-Делиде Oberoi оқыту және даму орталығының негізін қалады. Бүгінде бұл мекеме Азиядағы ең үздіктердің бірі болып табылады және жыл сайын 100-ге жуық түлек шығарады.