Астанада республикалық патриоттар форумы өтеді

Астанада республикалық патриоттар форумы өтеді

04.12.2018 Off 30

OQSYZ.Астана қаласында «Qazaqstan» орталық концерт залында жыл сайынғы республикалық патриоттар форумы өтеді.

Форумның ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал мәдениет қайраткерлері қатысады.
Биылғы форум Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған.
Форум жұмысына Қазақстанның барлық өңірінен 200-ден астам делегаттар қатысады. Бұлар өз кәсібінің үздік өкілдері, Отан игілігіне қалтқысыз қызмет етіп жүрген дәрігерлер мен әскерилер, өрт сөндірушілер, мұғалімдер, спортшылар, мәдениет қайраткерлері, жастар көшбасшылары, бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері болып табылады.
Форумның басты оқиғасы «Жыл Патриоты» құрмет белгісін тапсыру салтанаты болып табылады. Номинацияларда ерекше ерлік көрсеткен, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын білдірген, өзінің күнделікті еңбегімен және нақты істерімен шынайы патриоттық іс-әрекет және Отанға деген сүйіспеншілігін көрсеткен адамдар марапатталады.