Сара Латиеваның «ӨНЕРДЕН ҚАЛАМ ТАРТҚАН …»  сыр-сұхбат кеші өтті

Сара Латиеваның «ӨНЕРДЕН ҚАЛАМ ТАРТҚАН …» сыр-сұхбат кеші өтті

06.11.2018 Off 51

OQSYZ.ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Сара Шарапқызы Латиеваның «ӨНЕРДЕН ҚАЛАМ ТАРТҚАН …» атты сыр-сұхбат кеші өтті.


Іс-шара барысында Сара Шарапқызы Латиеваның өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелер қозғалды. Шараға шақырылған қонақтар Сара Шарапқызының әдебиет саласына сіңірген еңбегінің ұшан-теңіз екендігі жайлы сүбелі әңгімелерімен бөлісті.
Белгілі журналист С.Латиева оқырмандарды өнер ұлыларының өмір жолымен таныстырды. Сондай-ақ, шығармашылық кеш барысында қазақ өнер тарландары мен өнер тұлғалары жайлы да мәліметтер айтылды. Қазақ өнерінің қайталанбас тұлғалары Хадиша Бөкеева, Күләш Байсейітова, Байғали Досымов туралы жазған туындыларының тарихына тоқталды.

Іс шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенова, ақын, прозшы, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы-журналист Марат Мәжитов, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, белгілі қаламгер, аудармашы, сазгер Бақытжан Әзірбаев Кененұлы, студенттер мен оқушылар, кітапхана оқырмандары қатысты.

НашарҚанағаттанарлықОрташаЖақсыӨте жақсы (Әзірге бағалар жоқ)
Loading...