Елші мен министр  туризм жайын талқылады

Елші мен министр туризм жайын талқылады

01.11.2018 Off 117

OQSYZ.Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсоймен кездесті.

Кездесу барысында қыркүйек айында Елбасы Н. Назарбаевтың Түркияға жасаған ресми сапарында көтерілген мәдениет және туризмге қатысты бірқатар маңызды мәселелердің жүзеге асырылуы мен екі ел арысында мәдени орталықтарды құру бойынша қол қойылған келісімнің маңыздылығын сөз етті.

Түркітілдес елдер арасындағы достық байланыс әсіресе мәдениет,туризм салалары арқылы кеңінен танылып, нығаятынын жеткізген елші Қазақстанда аталған салаларды дамытуға баса назар аударылғанын да қозғады.

“Туризм саласын дамыту бағытында жуырда құрылған Түркістан облысы мен қаласының әлеуеті жоғары. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев рухани астананың туристер орталығына айналуына аса мән беруде. Жақын жылдары елімізге келетін шетелдік туристер саны артатынына сенім мол “, – деді А.Сапарбекұлы.

“Түркия қазақ туристері таңдайтын елдер арасында бірінші орында. Туркиялықтар да Қазақстанға ынталы. Қазақстанмен мәдениет және туризм саласында ортақ жобаларды жүзеге асыруға қуана келісеміз”,-деген Түркия Республикасының мәдениет және туризм министрі М.Ерсой елімізге ресми сапармен келуге ниет білдірді.

Басқосу барысында ағымдағы жылдың 8 қарашасында Анкарада ұйымдастырылатын Түркі кеңесі диаспораларына жауапты министрлердің 3-ші кездесуіне арналған дайындықтарды пысықтады.

НашарҚанағаттанарлықОрташаЖақсыӨте жақсы (Әзірге бағалар жоқ)
Loading...