Сыр елінің  мәдениет саласында жаңа есімдер анықталды

Сыр елінің мәдениет саласында жаңа есімдер анықталды

15.11.2019 Off 58

OQSYZ. Қызылорда облысындағы мәдениет саласында жаңа есімдер анықталды. Бұл туралы облыстық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының ұйытқы болуымен  «Ұлы дала төсіндегі Сыр елінің фольклоры» атты экспедиция ұйымдастырылып, нәтижесінде 45 жыршы-жыраудың дауысы, 35 ескі сарындағы мақам-саздар, 27 адамнан аңыз әңгімелер, 5 қолжазба, 25 терме-толғау мәтіндері, 10 дастан, 58 өнерпаздың орындауындағы терме толғаулар жазып алынып, орталық қорға өткізілген.

Бүгінгі күнге дейін Қармақшы, Арал, Шиелі аудандарында жыр мектептері жұмыс жасап, 236 бала дәріс алса, «Жыр мұра» жобасы аясында Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарынан 4 жыр-терме үйірмесі және 7 ауданнан 7 «қобыз» үйірмесі ашылған.

Облыстық Мәдениет басқармасының мәліметінше  жоба аясында аудандардан және Қызылорда қаласынан жыр әлеміне 15 жаңа есім анықталған.

Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған «Жыр мұра» жобасының қорытынды гала-концерті өтіп, жаңа есімдер таныстырылды.