Ұлттық музей Анкарада баспасөз конференциясын өткізуде

Ұлттық музей Анкарада баспасөз конференциясын өткізуде

12.09.2019 Off 31

OQSYZ.Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Анадолы өркениеттер музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашуда.

Осы орайда арнайы баспасөз конференциясы өтуде.

Аталған көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.

Көрменің мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам» қойылады.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 207 зат ұсынылады.