Нұр-Сұлтан қаласында Азия қаламгерлері бас қосады

Нұр-Сұлтан қаласында Азия қаламгерлері бас қосады

03.09.2019 Off 43

OQSYZ. 4-6 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында “Азия елдері қаламгерлерінің І форумы” өтеді.

Форумның мақсаты- Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, одан әрі дамыту, егемен еліміздің бүгінгі кескін-келбетін, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу.

Азия елдері қаламгерлерінің І форумына Нобель сыйлығының номинанттары, Букер мен ASEAN әдеби сыйлықтарының лауреаттары, мемлекеттік, Ұлттық сыйлықтардың лауреаттары, Азияның 44 елінің жазушылар одақтары мен қауымдастықтарының төрағалары, сонымен қоса еліміздің әр өңірлерінен келген қаламгерлер қатысады.

«АЗИЯ ЕЛДЕРІ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ І ФОРУМЫНЫҢ»
БАҒДАРЛАМАСЫ
4 қыркүйек

Уақыты Шаралар
09.00 – 10.00 1. Форумға қатысушыларды тіркеу2. «Азия әдебиетінің жауһарлары» кітап көрмесін тамашалау(Конгресс-центр, Вестибюль)
10.00 – 11.30 Форумның ашылу салтанатыПленарлық отырысБірінші панельдік дискуссияТақырып: «Қазіргі Азия өркениетінің әдеби панорамасы»(5 баяндама)Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Конгресс-орталығы, Негізгі зал
11.30 – 11.50 Кофе-брейк
11.50 – 13.00 Екінші панельдік дискуссияТақырып: «Азия әдебиеті және жаһандық мәселелер» (7 баяндама)
13.30 – 14.00 Қаламгерлермен автограф-сессия(Конгресс-центр, Вестибюль)
14.30 – 15.30 Түскі ас («Rixos President Astana» қонақ үйінің «Әл-Фараби» залы)
15.30 – 18.00 Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері мен мәдени ошақтарына экскурсия
19.00 Қазақстан Республикасы Президенті атынан салтанатты дастархан(«Rixos President Astana» қонақ үйінің «Жерұйық» залы)

5 қыркүйек

Уақыты Шаралар
09.00 – 10.00 «Asian LitTALKS» форсайт сессиясына қатысушыларды тіркеу(Номад Сити Холл, Кіші зал)
10.00 – 11.00 «Asian LitTALKS» форсайт сессиясы – бірінші бөлім
11.00 – 11.30 Кофе-брейк
11.30 – 12.30 «Asian LitTALKS» форсайт сессиясы – екінші бөлім
13.00 – 14.30 Түскі ас («Rixos President Astana»қонақ үйінің «Әл-Фараби» залы)
15.00 – 16.00 Орталық Азия елдері қаламгерлерінің кездесуі(«Rixos President Astana» қонақ үйі«Шаңырақ»)
16.30 – 17.30 «Қаламгерлер аллеясын» ашу рәсімі(Абай даңғылы мен Ә. Сембинов көшесінің киылысы)
18.30 – 20.30 «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында қойылым тамашалау
21.00 – 22.30 Кешкі ас («Rixos President Astana»қонақ үйінің «Әл-Фараби» залы)

6 қыркүйек

Уақыты Шаралар
10.00 – 12.00 Шетелдік Жазушылар бірлестіктерімен меморандумдарға қол қою рәсімі(«Rixos President Astana» қонақ үйі, «Шаңырақ»)Қазақстандық делегаттар үшін «Қаламгер» көркем фильмі көрсетіледі(«Қазмедиа» орталығы, көрсетілім залы)
13.00 – 14.30 Түскі ас («Rixos President Astana» қонақ үйінің «Әл-Фараби» залы)
15.00 – 16.00 Жас қаламгер-делегаттардың басқосуы(«Rixos President Astana» қонақ үйі, «Шаңырақ»)
1630 – 17.00 Қызыл кілеммен жүріп өту рәсімі(Номад Сити Холл, Фойе)
17.00 – 19.00 Форумның жабылу салтанаты1. Форумға қатысушы делегаттарға сертификат тапсыру рәсімі2. Форум делегаттарының Үндеуін қабылдау (Номад Сити Холл, Негізгі зал)
19.00 Салтанатты кешкі ас. «The book of Honesty» – Сенім кітабына қаламгерлердің тілек қалдыру рәсімі(«FARHI HALL» мейрамханасы)