“Ана туралы жыр” әнінің шығу тарихы

“Ана туралы жыр” әнінің шығу тарихы

14.08.2019 Off 130

OQSYZ.Әрбір адамзат иесіне тиесілі қасиетті ұғымдардың бірі АНА атымен тікелей байланысты.
Шәмші атамыздың осы бір әнін шырқамаған жан жоқ шығар.

«АНА ТУРАЛЫ ЖЫР» ӘНІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

Жамшид Шәмші атанып оның композиторлық атағы шыққан кезде анасы қайта айықпайтын ауруға ұшырады. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдан Шәмшіні шақыртады.
– Балам, мен өмірден ерте кеттім деймін, немере сүйіп, келін көруді құдай маған бұйыртпады. Тағдыр солай, қайтейін. Бір тілеуім, сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін., бақытты бол, балам.
Анасының ақ лебізін естіген Шәмші өзін сәбидей сезінді. Ойланып қараса, анасы оған әлемнің жарығын силапты, осы сәтте Шәмші ерекше толқиды.. Сонда былай дейді:
– Ана мен сенің басыңа кесене ғимарат орнатам деп айта алмаймын, бірақ мен саған әннің ең асылын, ең нәзігін арнап жазамын, ол ешқашан ұмытылмайды. Бұл 1957 жылдың 4 – қыркүйегі болатын. Шәмші өзінің сөзін 1961 жылы орындайды. «Ана туралы жыр» әні осылайша дүниеге келген екен.

Суретте Шәмшінің анасы Сақыпжамал.