Өскеменде Ислам мәдениеті музейі ашылды

Өскеменде Ислам мәдениеті музейі ашылды

11.08.2019 Off 30

OQSYZ.Бүгін Өскемендегі «Халифа Алтай» мешітінде Қазақстандағы Ислам мәдениетіне арналған музей ашылды.

Құрбан айттың алғашқы күнінде өңір жұртшылығын ұлық мерекемен құттықтаған облыс әкімі Даниал Ахметов «Халифа Алтай» мешітінде болып, «Ислам мәдениеті және ұлттық дәстүр» музейінің ашылуына қатысты, деп хабарлады kazmuzeіm.kz

Сақ, ғұн, түркі дәуірілерінен, ислам тарихы мен қазақ халқының мәдениетінен сыр шертетін бірегей музей алдағы уақытта діни ғана емес, сондай-ақ рухани ілім беретін орталық қызметін қатар атқарады.

Музейге ел аумағы мен әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған бірегей экспонаттар қойылған. Атап айтсақ, музей төріне Күлтегін ескерткішінің көшірмесі, Түркістандағы әйгілі Тайқазанның көшірмесі, қазақтың алты қанат киіз үйі қойылып, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Иассауи кесенелерінің шағын макеттері қойылды.

Сонымен қатар бұл жерден Қасиетті Құран кітабының электронды замануи көшірмесін, тарихи құнды еңбектердің электронды нұсқаларын да көруге болады. Қазақтың ұлттық көне жәдігерлері мен ежелгі діни бұйымдарына да мұражайдан орын берілген. Бұл музейге түркі дәуірінен сыр шертетін «Оғызнама» секілді кейбір сирек кітаптардың түпнұсқалық көшірмесі де Ұлыбританияның Кембридж университетінен және Түркиядағы Сүлеймание мешітінің кітапханаларынан алынып қойылды.

Алдағы уақытта музейдің сайты іске қосылып, 3D тур жасау мүмкіндігі ашылады.