Шетелдерде заманауи қазақстандық мәдениетіміздің жетістіктерін көрсету мақсатында 2019-2020 жылдары «Абай», «Қыз Жібек», «Біржан-Сара» ұлттық опералардың Грекия, Түркия, Қытай, Жапония, Корея Республикасы, АҚШ, Канада және тағы басқа елдерде көрсетілімдері жоспарлануда

Шетелдерде заманауи қазақстандық мәдениетіміздің жетістіктерін көрсету мақсатында 2019-2020 жылдары «Абай», «Қыз Жібек», «Біржан-Сара» ұлттық опералардың Грекия, Түркия, Қытай, Жапония, Корея Республикасы, АҚШ, Канада және тағы басқа елдерде көрсетілімдері жоспарлануда

15.04.2019 Off 9

OQSYZ.  Сондай-ақ, республикалық театрлар ұлттық және шетел авторларының үздік театр қойылымдарын Түркия, Грекия, Грузия, Франция, Беларусьта ұсынатын боламыз. Республикалық музейлердің қорынан Қытайда, АҚШ-та, Грузияда, Түркияда, Өзбекстанда, Испанияда, Кореяда, Ұлыбританияда көрмелер өткізіледі. Бұдан басқа, АҚШ пен Германияда мәдениет пен кино күндерін өткізу, сонымен қатар республикалық мәдениет ұйымдарының Македония, Түркия, Армения, Австрия, Мексика, Грекия, Франция және тағы басқа елдеріне іссапарлары көзделіп отыр.

Өткен жылы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнердің хас туындысы» көрмесі Мәскеудің Бүкілресейлік халық өнері мен декоративті-қолданбалы өнер музейінде ашылған еді.

Сол тақырыптағы көрме былтыр Бакудің (Әзербайжан) Ұлттық музейінде, Қытайдың Сиань қаласынының Тарихи музейінде, Гданьск қаласының (Польша) Ұлттық музейінде өтті. Көрмелерде Қазақстанның басты нышаны ретінде «Алтын адам» көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, аталмыш жоба аясында биыл «Алтын адам» Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Испания және Түркияның музейлерінде, 2020 жылы АҚШ, Италия, Австрия, Франция, Германия музейлерінде көрермен назарына ұсынылатын болады. Бір сөзбен, «Рухани жаңғырудың» екі жылын елеулі істермен түйіндеп отырмыз. Алда әлі де зор міндеттер мен мақсаттар баршылық.