Тарих тұлғаларының есімдерін жаңғыртуға Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығы да атсалысады

Тарих тұлғаларының есімдерін жаңғыртуға Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығы да атсалысады

29.03.2019 Off 69

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына барып, бірқатар келіссөздер жүргізді.

Басқосудың мақсаты – киелі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жатқан тұлғаларды дәріптеп, түрлі ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді жаңғырту, археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған тұрмысқа қатысты жәдігерлермен терең танысу, әріптестік қарым-қатынасты нығайту.

Осы орайда “Әзірет Сұлтан” қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына қарасты жерлерде анықтау, зерттеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алғанын, атқарылған жұмыстар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен облыс орталығы мәртебесін алған Түркістан қаласының тарихи-мәдени жағынан дамуы мен алдағы жоспарлар жөнінде әңгімеледі.

Осы орайда, Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының басшысы Тағаев Жәнібек Абданбекұлы «Ұлылар қадірін ұғындырар сапар» жобасы аясында тарихи мекендерді аралауды – киелі Түркістан жерінен бастай отырып, бірқатар ауқымды іс-шаралар жөнінде ұсынысын білдірді.

Жиын барысында Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының қызметкерлері де өзіндік пікірлерімен бөлісті.