Түркістандағы шешен сөздің шеберлері сынға түсті

Түркістандағы шешен сөздің шеберлері сынға түсті

16.03.2019 Off 33

OQSYZ.Түркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Кәнеки тілім, сөйлеші!» атты байқауы өтті.
Сайыстың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді насихаттау, жастар арасынан сөз өнеріне жақын, тілге шешен, ділмар азаматтарды іздеп табу.
Шараны облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет Еркінұлы ашып, үміткерлерге сәттілік тіледі.
-“Облыстық байқау еліміздің шешендік өнерін дәріптеп, елге таратуға, жан-жақты насихаттауға, шешендікті заманауи талаптармен, жаңашылдықпен ұштастыра өрістетіп, сөйлеу мәдениетін көтеруге қол жеткізуге игі ықпал етеді деген сенімдеміз. Биыл 11 рет өтіп отырған байқаудың негізі 2009 жылы қаланған. Барша үміткерлерге сәттілік тілеймін!”,-деді Нұрдәулет Еркінұлы.
Байқауға аудан, қалалар мен жоғары оқу орындарында іріктеуден өткен 15 үміткер қатысып, «Сәлемдесу – салтымыз», «Таза, мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» және «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» атты үш кезеңде бақ сынады.
Қазылар алқасының шешімімен Облыстық байқаудың бас жүлдесін иеленген төлебилік Кульбай Абылайхан Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
Сонымен қатар:

I ОРЫН
Нұрдәулет Жігер -Түркістан қаласы

ІІ ОРЫН
Ескулов Пердебек Сержанулы –
Сайрам ауданы

ІІІ ОРЫН
Әлайдарқызы Гүлнар -Ордабасы ауданы

ІІІ ОРЫН
Байтұрсынов Нұрхан Жандарұлы -Қазығұрт ауданы

“ТӨЛЕ БИ” ЖҮЛДЕСІ
Джумадил Серік Қалғанұлы-Түлкібас ауданы

“ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ” ЖҮЛДЕСІ
Әнуарбеков Нұрлан Пернебекұлы – Отырар ауданы

“ӘЙТЕКЕ БИ” ЖҮЛДЕСІ
Копжасаров Бағдат Маратұлы – Жетісай ауданы

“ҮЛГІЛІ КИІМ” ЖҮЛДЕСІ
Оразбекова Ұлмекен Бекжанқызы – Сарыағаш ауданына берілді.