Қызылжарда халықаралық форум басталды

Қызылжарда халықаралық форум басталды

08.11.2018 Off 28

OQSYZ.Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Қызылжар қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Туризм және индустрия комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері» атты Халықаралық форумның ресми ашылуы өтті.

Форумға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, РФ Ростуризм агенттігінің төрағасы Олег Сафонов және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов  шараның ашылуымен құттықтап, қызыл лентаны қиды. Жиынға қатысушылар Қазақстан мен Ресейдің туристік әлеуетін танытатын Халықаралық көрмені аралап көрді.

XV ынтымақтастық туралы форумды өткізу екі ел арасында әлеуметтік-мәдени, этнографиялық, медициналық, спорттық, мәдени-танымдық және туризмнің басқа да түрлерін дамыту мақсатында мәдени қарым-қатынасты жақсарту және нығайтуға септігін тигізеді деп күтілуде.

Көрмеге Қазақстанның 14 облысы және Алматы мен Астана қалалары, 4 ұйым, 4 туристік орталық, 1 ұлттық компания, Ресейдің 11 аймағы және 3 туристік орталығы және екі елден 200-ге жуық журналистер қатысты. Шара барысында бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылады.

Айта кетейік, көрмеге Қазақстандағы медициналық туризмді дамытудың кілті болып табылатын 12 жетекші медициналық және санаторлық-курорттық ұйымдар да қатысуда.

Форум аясында Астанада 2019-2023 жылдарға арналған көшпелі туризм мен ішкі туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасы таныстырылды.  Оның бірі – туризм үшін басым аймақтарды нақтылау. Форум аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі елге туристерді көптеп тартатын 10 маңызды орындарды зерттеп, бекітеді.

Жиынның ашылуында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шараның маңыздылығына тоқталды.

 

-Шын мәнінде аталған форум екі ел үшін де үлкен маңызға ие. Бұл тек Қазақстан мен Ресей арасында туризм саласын дамыту үшін ұйымдастырылып отырған форум емес, бұл қазіргі күнге дейін қалыптасқан мемлекетаралық ынтымақтастықтың қандай деңгейге көтерілгенінің көрінісі. Біз көршілес орналасқан мемлекетпіз. Қазақстан мен Ресейдің арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара екені белгілі. 7 мың шақырымнан асады. Осы уақыт ішінде екі ел арасындағы геосаяси ахуал ең жоғарғы деңгейге жетіп отыр.

Осы жолғы форум туризм тақырыбына арналып отыр. Екі күн бойы мемлекетаралық ынтымақтастық пен екі ел арасындағы туризмді дамытудың мәселелері сөз болады. Қазақстан мен Ресей бірлесіп ұйымдастырылып отырған мұндай жиындар аз емес. Дегенмен туризм саласын дамытуға арналған форум тұңғыш рет бізде, осы Петропавлде өткізіліп отыр. Биылғы өңіраралық форумды дәл осы Солтүстік Қазақстанда, Петропавлде өткізуді былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын.

Ал біз шетелдік туристерге, соның ішінде Ресейден келетін туристерге не ұсынамыз дегенге келсек, бүгінгі көрмеге Республиканың барлық аймақтарынан делегаттар келіп, өз павильондарын орнатты. Өз өңірлеріндегі тарихи, мәдени ерекшеліктерін таныстырып жатыр.

Оның үстіне, бізде биыл көшпелі туризм 33 пайызды құраса, Ресейде бұл көрсеткіш 25 пайыз мөлшерінде болып отыр.

Бізде туризмді дамытуға мүмкіндік өте жоғары. Тіпті, біз жылдың төрт мезгілінде де туристер қабылдауға қауқарлымыз. Табиғи ерекшеліктеріміз де, тарихи, мәдени орындарымыз да жеткілікті. Біз әлі де осы бағытта жұмыстар атқаруымыз керек.

Оның үстіне, мемлекетаралық деңгейде туризмді дамыту мәселелері тұңғыш рет талқыланып отыр. ал біздің елдер туризм үшін қауіпсіз елдер қатарына жатады.

НашарҚанағаттанарлықОрташаЖақсыӨте жақсы (Әзірге бағалар жоқ)
Loading...