Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасына «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспарын таныстырды

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасына «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспарын таныстырды

29.09.2018 Off 426

OQSYZ. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  Түркістан қаласына жасаған сапарында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қасиетті мекеннің тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспарын таныстырды.

-“Бүгін біз Қазақстандағы ең қасиетті жер – Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат еттік. Бұл – 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар Тізіміне енген бірінші тарихи нысан. Мұнда жылына миллионнан астам турист келеді, олардың 34 % – шетелдік қонақтар. Туристер легі соңғы жылдары 40 % өсті.

Мемлекет басшысының тапсыруымен біз халықаралық жетекші сарапшылардың қатысуымен Израиль, Испания, Ұлыбритания, Индия, Түркия және тұжырымдамасы біздің «Әзірет Сұлтан» музей-қорығына сәйкес өзге мемлекеттердің бүкіл әлемге танымал тарихи кешендері жұмыстарының тәжірибесін жан-жақты зерттедік.
Олардың ішінде – жылына 7-10 миллионға дейін турист келетін Осман империясының аса ірі музейі – «Топкапы» сарайы, территориясында Оттоман империясының тарихи тұлғалардың 6 кесенесі мен 3 мыңға жуық қолжазба сақталған Түркияның тарихи кешені – Мевлана мұражайы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміндегі Иерусалим және өзге де көптеген нысандардың тәжірибесі зерттелді.
Әрқайсымыздың рухани жаңаруымыздың ерекше белгісі және тірегіміз сөзсіз Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып қала береді. Сондықтан, халықаралық тәжірибенің ең озық үлгілерін назарға ала отырып, «Әзірет Сұлтан» кешенінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, Ұлы Жібек Жолы дәуірі тұсындағы асқақ айбынын қалпына келтіру ұсынылады!

Даму жоспарын ұсыну барысында біз өзіміз жасаған Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бірегей 3D-турды көрсеттік. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, Қазақстандағы 12 қасиетті нысандарды цифрладық (Арыстанбаб, Қорқыт Ата мемориалдық кешені, Бекет Ата, Мәшһүр Жүсіп мавзолейі, т.б.). Бұл тур туристке әлемнің кез келген жерінен Түркістанға келмей-ақ қазақ мәдени әлеміне кіруге, қасиетті жерлерді көзбен көргендей әсерленуге мүмкіндік береді.

Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы Конвенцияда көрсетілген ЮНЕСКО талаптарына сәйкес, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің 88,7 га құрайтын буферлі қорғау аймағында тұрақты құрылыс салуға тыйым салынған.
Бұл жерде танымдық, білім беретін және рухани туризм Орталығын құру ұсынылады. Ол өте ыңғайлы және қолжетімді инфрақұрылымы болуы тиіс. Кез-келген адам сол аумақта орналасқан барлық қастерлі орындарды тамашалай алғаны жөн.
Ең алдымен кесенеден 700 метр қашықтықта тұрған Түркістан елді мекенінің ең ежелгі қалашығы – Күлтөбе қайта қалпына келтірілетін болады.
Одан кейін Хан ордалары мен орта ғасырлық мешіті бар Әбілмәмбет хан, Тәуке хан резиденциялары, Үндемес ата, Чилляхан кесенелері толықтай қалпына келтірілетін болады. XVI-XVII ғасырда салынған тарихи ғимараттары және Кесенеге баратын ортағасырлық күре жолы бар Жеті Ата-Қақпа территориясын қалпына келтіріп, көзге тартымды көрініс беру жоспарлануда.
Мавзолей мен Жеті ата қақпасы арасындағы тарихи көлдің ойыстарын қайта қалпына келтіру, тарихи мешітке апаратын жол, құдық және сопылықтың негізін қалаушы Яссауидің соңғы 20 жыл өмірін өткізген Қылуетке апаратын ортағасырлық рабаттарды және орталық көшелерді қайта жасау жоспарлануда.
Стамбулдағы Сүлеймен сарайы кешенінің тәжірибесі бойынша Мавзолейдің мемориалды және саябақ аймағында ұлы ата-бабаларымыздың және тарихи тұлғалардың, оның ішінде Абылай хан, Жолбарыс хан, Қасым хан, Жәнібек батыр, Қазыбек бидің және т.б. жерленген жерлері қоршалып, биіктетілетін болады. Ежелгі сәулет элементтері сақталған Рабия Сұлтан бегім, Есім хан мавзолейлері, Жұма мешіті, Әлқожа баба және Әулие Құмшық ата тарихи кешендері адамдардың жиі баратын орындарына айналады. Сонымен қатар орта ғасырдағы қала өмірінің рухы мен тірлігін қайта жаңғырту мақсатында Мавзолей аумағында бас қақпаға жанындағы ішкі бекініс қабырғалары, цитадельдері қайта қалпына келтіріледі. 1987 жылға дейін қызмет еткен XVI ғасырдағы ежелгі шығыс моншасын өзінің бастапқы көрінісіне айналдыру ойымызда бар.
Мавзолейдің аумағында көшпенділер салты мен дәстүрінен ерекше сыр тартатын, ортағасырлық тұрмыстан айрықша көрініс беретін Этноауыл салу да жоспарымызда бар.
Сонымен қатар шеберлер орталығы, шығыс базары, кәдесыйлар сататын дүңгіршектер салынатын болады және Мавзолейдің барлық аумағы келушілер мен демалушыларға қолайлы болу үшін ландшафтық сәулет, фонтандар, ашық айвандар және басқа да нысандар орналасады,-деді министр.