Алматыда Наурыз тойы ерекше форматта өтуде

Алматыда Наурыз тойы ерекше форматта өтуде

17.03.2019 Off 138

OQSYZ.М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен «Ұлы даланың ұлы күні – НАУРЫЗ» мейрамын салтанатты түрде кеңінен атап өтуде.


А.Мұхамедиұлы бұл мерекені балалардың көз қуанышына айналдырып, оқушылардың үшінші тоқсандық демалысын наурыз мерекесіне үйлестіру, Наурыздың атрибуттық белгісі, эмблемасы һәм символикасын бекіту, осы мейрам аясында тал егу, көрісу, тағы да басқа құндылықтарды дәріптеу, мерекені заманауи ұлттық киімдермен қарсы алу керектігін алға тартқан болатын. Министр «Заман талабына сай Наурыздың форматын түбегейлі өзгерту қажет. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбие, қадір-қасиет беретін түрлері өте ерекше. Сондықтан, Наурыз мейрамына жаңа реңк беру үшін, адамның ұлтына, діни бағыныштылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтарға мән бере отырып, Қазақстан халқы түгел қамтылатындай мазмұнын жасау керек» екендігін өз сұхбатында айтқаны белгілі.

Осы орайда, М.Әуезов театры алаңындағы ауқымды шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мәдени ошақтардың көрісуімен басталып, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, ұлттық ойындар, ұлттық дәстүрлер көрсетілді.

Мерекелік шарада Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбай бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, «Өнер барысына» қатысқалы жатқан Еркебұлан Дайыров пен Аян Өтепбергенге бата берді.

Мереке азақ өнері жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласуда.