Нұр-Сұлтан қаласында “Рухани қазына – 2019” фестивалінің ашылу салтанаты өтті

Нұр-Сұлтан қаласында “Рухани қазына – 2019” фестивалінің ашылу салтанаты өтті

21.05.2019 Off 154

OQSYZ.ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестивалі салтанатты түрде ашылды.


Шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі Омарбекова Жұлдыз Қажыкенқызы, мемлекет және қоғам қайраткері Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Абдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы,
ҚР Мәдениет және өнер департаментінің директоры Жоламанов Әбіл Тауфихұлы қатысып фестивальдің бағыты мен мәдениет және өнер салаларында атқарылған жұмыстар және жоспарлармен бөлісіп, кәсіби мереке күнімен және фестивальдің ашылуымен құттықтады.

Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай екінші рет ұйымдастырылған фестиваль Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында өтуде.
Байқауға облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музейлер, кітапханалар мен мәдени үйлерінің қызметкерлері қатысуда.
Фестивальдің мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің қызметінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, соның ішінде кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру, үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін ортаға салу болып табылады.Сондай-ақ, бірыңғай мәдени кеңістікті дамыту, аймақтардағы мәдени мұралармен танысу, жұмыс бойынша тәжірибе алмасу, қоғамдық сананы жаңғырту аясында мәдениет ұйымдары қызметтерінің мазмұнын жаңарту бойынша идеялар іздеу, мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру көзделген.