Абай мен Толстойдың шаңырағы меморандумға қол қойды

Абай мен Толстойдың шаңырағы меморандумға қол қойды

04.01.2019 Off 136

OQSYZ.Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Л.Н.Толстойдың «Ясная-Поляна» мемлекеттік музейі шығармашылық ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Бұрыннан шығармашылық байланысы берік музейлердің болашақтағы шаралар жоспары да айқындалып, маңызды жоспарлар түзілді. Атап өтетін болсақ, үстіміздегі 2019 жылы Л.Н.Толстойдың «Ясная Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне көрме әкеліп, жазушының төл мұраларымен таныстырмақ. Ал, 2020 жылы қос тарап әлем классиктерінің мұрасын сақтау мен насихаттау мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми конференция өткізуді жоспарлауда.