Ата-бабаның абыройлы аманатын арқалап келеміз

Ата-бабаның абыройлы аманатын арқалап келеміз

23.11.2018 Off 68

OQSYZ.  Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінде мынадай жолдар бар: «Бұл әңгімені айтушы адамдар Күшікбайдың кім екенін жұртқа танытқанда, өзінің сол батырдың ұрпағы екендігін көңіліне бірталай қанағат қылып, бойы көтеріліп, көңілі күңгірт өмірдің уайымынан бірталай сергіп қалушы еді»…

Рухқа қорғаныш керек. «Елу жаста елім бар деп айта алмай,
Естен кетпес күйінгенің, мұңлы Абай». Қ.Аманжолов. 1965 жылы жарық көрген «Үш ғасыр жырлайды» кітабы кейін 1984 жылы құшағына екі жүз жылдық тарихты қапсыра орап «Бес ғасыр жырлайды» болып қайта оралғанда ұлт өміріне үлкен рухани серпіліс әкелді.
Солақай саясаттың тізесінің астында тұмшаланып тұтқындалып, елдің жадында сақталғанының арқасында ғана аман қалған асыл жауһарлар хатқа түсіп, талай еңіреген есіл ерлердің есімі тұңғыш рет жалпақ жұртқа әйгілі болды.
Сондағы қуаныш…
«Он ғасыр жырлайдыны» көргенде атыңнан айналайын Тәуелсіздікке тәу етіп, тәубе дегеміз.

Ерік өзіміздікі дегенмен, кешегі Қазақ хандығының 550 жылдығы тұсында: «Сақ-ғұн жағына барсақ, сиырдың бүйрегі сықылды, бізге бергі беті жетеді»,– деген сандырақ там-тұм естілмей қалған жоқ…

Елбасы дана ғой. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы рух әлемінде күн болып жарқырап шыға келді.

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Жұбанның осы сөзі мәңгілік. Ұрпақ жатқа айтып, ұмытпауы керек.

Сабыр Адайға құлақ түрелік: Жұбан айтқан: «Мен қазақпын!» – танып ал,
Қуанышы, қайғысы мен зары бар.
Барлық қазақ – бір қазақтың қорғаны,
Бір қазақта: Бар қазақтың ары бар.

Иә, біз күллі адамзаттың көш басында бұйда ұстаған ата-бабаның абыройлы аманатын арқалап келе жатырмыз.
Кәрі тарих соған міндеттейді.

Елбасы алға бастайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Еуразиялық интеграция институтымен бірігіп өткізген мақаланы сараптамалық-саралау арқылы талқылау кешінің түп мазмұны осыған саяды…

 

Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,

ҚР Ұлттық музейінің баспасөз xатшысы