Ахмет Ясауи мөрінің жазбасы

Ахмет Ясауи мөрінің жазбасы

24.10.2018 Off 131

OQSYZ.“Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттауға арналған кездесу жиындары Түркістан қаласындағы білім ұяларында жалғасын табуда.
Осы орайда қалалық М. Мәметова және Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта мектептеріндегі шарада қорық-музейдің қызметкері Ардақ Бейсенова “Ахмет Ясауи мөрінің жазбасы” атты баяндаманы оқып, оқушылардың сауалдарына жауап берді.

“Ахмет Ясауи мөрінің жазбасы” кітабының мағынасы тереңде.

Түркістандық діншіл, біздің жылнамамыз бойынша 1166 жылы Ясы жеріне, қазіргі Түркістанға жерленген Ахмет Ясауидің мөрін Археология , тарих және этнография қоғамына мүше – қызметкер А.А.Диваев 1895 жылы 24 желтоқсанда Ташкенттен хатпен жеткізген. Бұл мөрдің бар екендігін А.А.Диваев бұрын да білген болатын. Алайда оның таңбасын алуға еш мүмкіндігі болмады, өйткені бұл мөр әулиелік һәм қасиетті саналатын . А.А.Диваев мөрдің таңбасын марқұм немере ағасы , полковник Диваевтың көмегімен алды, ол Түркістан қаласында ояз(уезд) бастығы болып қызмет ете жүріп , Әзірет- Сұлтан Ахмет Ясауи мешітінің қаржы кірістеріне әкімшілік бақылау жасайтын және халық арасында абыройлы, қадірлі кісі болатын. Осыны пайдаланып А.А.Диваев мешіттің ” нақибына” ( ақсақал) хат жазады және мүлдем күтпеген жерден сұралған мөрдің таңбасын ” тұмар ретінде тағып жүр” , – деген кеңес бере отырып (А.А.Диваевқа) жолдайды.
Мөрдегі шеңберлер арасының ені – 1 см. Сыртқы және орта шеңбер арасы, шеңбердің шетін жағалай ені 1 сантиметр аралыққа “Есімдердің ең жақсысы Алланың атымен, аспан мен жердің иесі Алланың атымен, атымен бірге аспанда да жерде де еш нәрсенің зарары ( зияны) тимейтін Алланың атымен, және ол аса білуші де естуші” сөздері жазылған, дейді қорық-музейдің экскурсоводы Ардақ Бейсенова.

 

НашарҚанағаттанарлықОрташаЖақсыӨте жақсы (Әзірге бағалар жоқ)
Loading...