Отаным деп соққан түкті жүрегі!

Отаным деп соққан түкті жүрегі!

08.02.2019 Off 173

OQSYZ. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, Күш атасы атанған Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы облыстық спорт музейінің қызметкері, палуанның шөпшегі Ескермес Меруерт Асылханқызының баба рухына арнаған өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.

Отаным деп соққан түкті жүрегі!

Естелігі ескірместен жаңғырған,
Тарихымның қыры менен сыры көп.
Ұлықтайтын ұлдары бар сан қырдан,
Ұлы дала куә, мынау Тәңір Көк!

Алып күштің иесі бар жаңғыртқан,
Заманында бар дәуіңді ол жыққан.
Спорттың бел атасы- ер Мұқан!
Күллі әлемге қазақ атын танытқан.

Аңыз екен айта берсек өмірі,
Тарих болып тарақталған ерлігі.
Арқау болған аңызға, ел тірегі,
Қара Қыпшақ Қобыланды түп тегі.

Қасиетті ғасыр шеккен Отырар
Саф алтындай тарихы бар құп-құнар.
Кіндік қаны тамған осы өлкеге
Арыстан баб, шыққан мекен Фарабтар.

Туылған соң Ақмоланың даласы,
Бұйырыпты жетілуге жан бағып.
Ер жетеді бауырында түп нағашы.
Бала жастан Қараөткел жақ асып.

Алып кеуде, қара білек күшімен,
Той-жәрмеңке палуанын жайпаған.
Мұқан ерді Ивандарға сеніммен,
Орыс достар қара күшті байқаған.

Ұлы Ресей Петерборы қарсы алды,
Аянбады, жаттығуда жан салды.
Қыр-сыры мен тактиканы меңгерді,
Лебедевтің мектебінде байсалды.

Замандастар қара күшке тамсанды,
Гостроль мен цирк жүрді, бақ жанды.
Поддубный, Корень, Заикин дос болып,
Мұқан кейде «Қара Иван» атанды.

Ерек күші танылғанда шет елде
Марапатпен әйгіленді әлемге.
Бағындырды неше дүркін атағын,
«Чемпионы дүниежүзі» деңгейде.

Жеңісіне серік болған сеніммен,
Ұстасқанды жібермеген жеңімен,
Талай қала куә болған халқымен.
Жанын санап садаға деп арымен.

Харбин барып Саркеккимен күрескен,
Ең қауіпті Жиб-Жиццаға ол түскен.
Қызғаныштан аласұрған жапонның
Мойнын үзіп, бас терісін жәй шешкен.

Түрік елін мойындатты күшімен,
Жеңіп шыққан белдескенде Нұрлымен.
Сапар сыйлап Қасиетті Меккеге,
Әз түріктер разылығын білдірген.

Красный Маска, Муханура боп жүрген,
Ер Мұқанға «Қажы» атағы берілген.
Сан есімді бұл қазағың тарихта
Содан бері Қажы-Мұқан делінген.

Қапы қалмай елден жырақ жүрсе де,
Елін ойлап ойнаса да, күлсе де.
Асыл ойы «Қазақ!» атын шығару!
Сатылмаған алтын, пара берсе де.

Қара күшпен қатар оған бір Аллам
Берген екен жомарттықты туғаннан.
Аянбапты, қаймықпапты бір елі,
Отаным деп соққан түкті жүрегі!

Тар жол тартып, тайғақ кешкен заманда,
Қазағымның арыстары күрескен.
Қажекеңде атсалысып алашпен –
Елі менен жері үшін кеңескен.

Көзге түсіп, бас білдіріп қойдыма,
Ташкен кетті, тірлік қылып біраз жыл.
Юлдаш-ака құрметіне бет бұрды,
Түрткілер деп, бар тірлігін қойды да.

«Құшақ жайып пана болды-ау керек уақта өз-ағам.
Түрік беріп Қажы атағын шын ниетпен сыйлаған,
Жастығымда әдіс айла үйреніп ем орыстан»
Деп Қажекең отырушы ед риза көңіл, еске алған.

Ел арасы, ел ағасы болған шақ,
Заман келді қартайғанда сұрапыл.
Соғыс ашып немістерің екі жақ
Отан үшін отқа оранды бар асыл.

Жау астында Ұлы Ресей, Петербор
Сұлу қала Ленинград болды-ау қор.
Жанға батты, жата алмады Қажекең
Бұдан өзге нәубет барма асқан зор.

Жетпіс асқан дария қарттық жасында
Қолға алып цирк темір, тасында.
Ел аралап өнер қойып, мал жинап,
Көңілін аулап әрі, кәрі – жастыңда.

Түскен малды алмастырып ақшаға,
Сән қумады, үй соқпады мақтана.
Ұшақ қылып, жөнелтіп ед майданға,
Бас қолбасшы рұқсатымен тек қана.

Ұшақ ұшып жеңіс туын желпіген!
«Амангелді Имановтың» атымен.
Қажы атам қазақ бала ұшса деп,
Ниет етті тілеулестік сеніммен.

Жоғарғы жақ өтінішті тыңдайды,
Майдандағы Қажытайды таңдайды.
Жауға қарсы 120 рет қазағым
Жауынгерлік тапсырмамен самғайды.

Ата үмітін үкілеген жас ұшқыш
Жеңістен соң елге тартпай іркілген.
Ұшақ сыйлап, жеңіс күнін түлеткен,
Палуанның қонағы боп кеп кеткен.

Жетпіс бесте қарт балуан меймандос
Қонақ келсе құдайындай сыйлаған.
Күресуге іздеп келген ресейлік
Үш орыстың көңілінде қимаған.

Ауыл аймақ жиналыпты әр саптан,
Көрмек болып бұл күресті алқаптан.
Екі орысты шыңғыртқанда Қажы атам
Тұра қашып үлгеріпті үшіншісі ол жақтан.

Уа Қажы-атам! Рухың қандай мықты еді?
Заманыңмен, қайраттымен қағысқан.
Қарттығыңда қажымастан, талмастан,
Жан-тәніңмен намыс үшін алысқан.

Ерлігіңе қарсы келіп кім тұрар,
Бар өмірің өнеге ғой пір тұтар!
Қырық сегіз медаль алып өзіңдей
Қажы болған Ұлы балуан жоқ шығар?!

Шарапатың толы осы заманға
Ұлылығың тек емес-ау әманда!
Келешегің еске алып құрметтеп,
Бас иеді әруағыңа қашанда!