Шымкент қаласының студенттері “Әзірет Сұлтан” музейінің тарихымен танысты

Шымкент қаласының студенттері “Әзірет Сұлтан” музейінің тарихымен танысты

15.10.2018 Off 86

OQSYZ.Шымкент қаласының студенттері “Әзірет Сұлтан” музейінің тарихымен танысты. Бұл жөнінде “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласынан Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі студенттерінен құралған топ облыс орталығы Түркістан қаласына келді.
Киелi мекен Түркістан өңiрiне жасаған саяхат барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейiнiң құнды жәдiгерлерiмен танысып, тарихи орындарды аралады. Әрбір тарихи атаулар мен мұралар жөнінде мекеме қызметкерлері де егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, студенттердің сауалдарына жауап берді.