Омар Хайямның 10 нақылы

Омар Хайямның 10 нақылы

10.01.2019 Off 59

OQSYZ.Омар Һайям –   парсы математигі, астрономы,ақын, философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибраһим аль-Һайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келіп, сонда қайтыс болған. Жас кезінде өнерлі, білімді отбасының тәрбиесінде болған. Әрі өлеңге құмартып өскен. Оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген. Назарларыңызға Омар Хайямның 10 нақылын ұсынып отырмыз.

1. Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.
2. Маған адамның кедейлігі емес, оның ойы мен жанының кедейлігі қынжылтады.
3. Жұлынған гүл сыйлануы тиіс, жазыла басталған өлең – аяқталуы, ал сүйікті әйелің – бақытты, олай болмаса, әлің жетпес тірлікті бастамауың керек.
4. Жас та өтер, бірте – бірте кәрі де өтер,
Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер.
Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә,
Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер…
5. Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі – не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі – кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.
6. Ей, көңілім, сыйлық күтпе бұл заманнан қараңғы,
Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды.
Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз,
Күткенменен мына уақыт емдемейді жараңды.
7. Біреуге риясыз сену оның қолына өз еркіңмен өткір қанжар ұстатқаның. Лыпып тұрған қанжармен ол сені қорғауы да мүмкін, бауыздауы да мүмкін.
8. Бәрін түсіндіруге болады, бірақ бәріне емеc.
9. Өмірде дана секілді сүргің келсе, екі басты қағиданы жаттап ал: әр нәрсені жегенше, аш қалған дұрыс; әркіммен өмір сүргенше, жалғыз болған дұрыс.
10. Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр…