Түркістанда «Есіңе мені алғайсың…» әдеби-сазды кеші өтті

Түркістанда «Есіңе мені алғайсың…» әдеби-сазды кеші өтті

11.02.2019 Off 274

OQSYZ.Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды,
Найзағай шаншып өткенде,
Есіңе мені алғайсың.
Қоңыраулатқан аспанды,
Найзағай шаншып өткенде,
Есіңе мені алғайсың…

Ия, көктем мезгілі жетпесе де иісі сезіле бастаған жаңбырлы күні Түркістанның әдебиет сүйер қауымы  Хан Тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевты еске алды. Сыршыл ақынның туған күніне орай өткен шараны «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ кітапханасының жанынан құрылған «Руханият» жалынды жастар ұйымы «Есіңе мені алғайсың…» атты әдеби-сазды кеш етіп ұйымдастырды.  Кеш барысында клуб мүшелері ақын өлеңдерін оқып, композициялық қойылымдар көрсетсе, қала өнерпаздары ақын сөзіне жазылған әндерді домбыра, гитара аспаптарымен жанды дауыста орындап, жас ақындар өз өлеңдерін оқып кештің көркін қыздырды. Жырлары әр қазақтың жүрегінен орын алған ақын құрметіне арналған әдеби кешке өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, университеттің жырға құмар жас жеткіншектері қатысты. Кеш соңында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әшірбеков Бақытжан Айдарханұлы барлық қатысушылар мен алғашқы келген үш көрерменге «Рухани жаңғыру» сериясымен жарық көрген облыс ақын-жазушыларымыздың көп томдығын сыйға тартты.