А.Мұхамедиұлы: Археология – еліміздің туризмін дамыту жолында жаңа бренд іздеу мүмкіндігі

А.Мұхамедиұлы: Археология – еліміздің туризмін дамыту жолында жаңа бренд іздеу мүмкіндігі

28.08.2019 Off 96

OQSYZ. Бүгін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, мәдениет және спорт саласының экс – министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында тың ақпараттармен бөлісті. Жаңа қызметтік жолындағы жаңаша бағыт пен мақсаттары жайлы бөліскен Арыстанбек Мұхамедиұлы бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да көптеген сауалдар жолданатып жатқандығын жеткізді.

-“БАҚ ұзақ уақыт бойы кеңейтілген сұхбат беруімді сұрайды, мен үнемі көз алдарыңыздамын, әлеуметтік желілерде белсендімін, солай бола тұра баспасөзден кездесуді сұраған тілектер енді Ұлттық музейге де түсіп жатыр. Әлбетте, өмірімнің жаңа орында қалай жалғасып жатқаны бәріне қызықты. Достар, тамаша жалғасуда! Бұл – өзім жылдар бойы аңсаған, реті келген кезде талай рет айтып жүрген жұмыс. Әрбір лауазымда маған білдірген сенімі үшін Елбасына алғысым зор, келер жылы Нұрсұлтан Әбішұлының 80 жылдық мерейтойы екені баршамызға аян. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына да бүгінде толығымен бар ықыласыммен айналысатын жұмысқа мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін!”.

Алдағы уақытта Ұлттық музей археология саласына тереңдей бет бұрмақ. Экс – министр бұл жайлы да жазды.

“Археология, еліміздің киелі жағы, мемлекетіміздің мәдениеті мен туризмін дамыту игілігі үшін елдік жаңа бренд іздеу мүмкіндігі және бізді әлі көп көп нәрсе күтіп тұр, көп нәрсеге күш сала жұмыс жасауымыз керек. Осы қызықты да маңызды бағыттағы барлық жаңалықтар туралы сөзсіз хабарлайтын боламын.

Бес жылдан астам уақыт министр қызметінде болдым, бұл, әлбетте осы саладағы рекорд, өз жұмысыңа баға беру ерсілеу болар, сондықтан жақсы досым Батыр Қазыбаевтың басылымына сұхбат беруге келістім. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін, назар аударғандарыңыз үшін алғыс айтамын”,- деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы айлардағы жаңалықтар және мақсаттары, жуырда ғана әлеуметтік желіде талқыға түскен жалақы мәселесі бойынша tengrinews.kz ақпарат агенттігіне кеңінен сұхбат берді.