Екі қасқыр

Екі қасқыр

11.08.2019 Off 66

OQSYZ. Бір қария немересіне өмірлік ақиқаттың сырын ашады. Әрбір адамның бойында екі қасқырдың арпалысқаны сияқты күрес жүреді. Қасқырдың бірі жамандық өкілі – көре алмаушылық, қызғаныш, өкініш, екіжүзділік, рия, өтірік…
Екінші қасқыр жақсылық өкілі – мейірім, махаббат, үміт, ақиқат, жақсылық, шыншылдық…
Атасының сөзі немересінің жүрегіне әсер етіп, шамалы ойланып сосын сұрайды : – Соңында қайсы қасқыр жеңеді ? Атасы жымиып жауап береді : Қайсысына азық берсең әрқашан сол қасқыр жеңеді.