Жас ақындар Абай Құнанбайұлының мұраларымен танысты

Жас ақындар Абай Құнанбайұлының мұраларымен танысты

04.12.2019 Off 85

OQSYZ. Жидебайдағы Абай музей-үйінің қызметкерлері Қарауыл гимназиясы жанындағы М.Ибраев атындағы “Ақсұңқар” ақындар сыныбының жас өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Абайдың “Жидебай-Бөрілі”
қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады.


“Ақсұңқар” ақындар мектебі – Ұлы Абайдың ақындық өнер мектебінің бүгінгі заңды жалғасы, жаңғырығы. Жетекшісі – Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Төлеген Жанғалиев.

Тәлім алушы оқушылар “Жер кіндігі Жидебай” жылжымалы көрмесімен танысып, “Абайдың ақындық айналасы” тақырыбында дәрісті тыңдады.
Дәріс соңында жас ақындар пікір алмасып, Абайдың шығармашылығы турасында сауалдарын жолдап, ұлы ақын өлеңдерін жатқа оқыды.
Танымдық сабақ қорытындысында ақын Төлеген Жанғалиев музей ұжымына алғасын білдіріп, жас өрендер Абайға арналға жыр шумақтарын жолдады.