Мұхтар Шаханов Шымкент қаласы әкімінің қабылдауында болды

Мұхтар Шаханов Шымкент қаласы әкімінің қабылдауында болды

07.10.2019 Off 41

OQSYZ.Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановты қабылдады.

Кездесуде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері, қазіргі заманғы әдеби үрдіс пен Қазақстанды жаңғыртудағы шығармашыл зиялы қауымның рөлі мен рухани орта құру мәселесі талқыланды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталған қала әкімі халық жазушысының қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесін де ерекше атап өтті.

Бұдан бөлек, келер жылы Қазақстанда аталып өтілетін ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен күллі түркі жұртының мақтанышы, ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойлары туралы сөз қозғады.