Тарихи жәдігерлері жастарға кеңінен насихаттаудың маңызы зор

Тарихи жәдігерлері жастарға кеңінен насихаттаудың маңызы зор

01.10.2019 Off 103

OQSYZ.«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын негізге ала отырып, Тайқазанның елге оралғанына 30 жыл толуына орай көрме ұйымдастырды. Бұл туралы қорық-музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қаласының №3 Әмір Темір атындағы жалпы орта мектебінде өткен көрме «Қайта оралған жәдігер» деп аталды.

Көрмені білім ұясының ұстаздары мен оқушылар тамашалады.

Шара аясында қорық-музейдің экскурсоводы К.Әсетова «Көрік берген есіктер» тақырыбында лекция оқып, көне мұраның қыры мен сырларына тоқталды.

Айта кетсек, айтулы көрмеге кесенеде сақталған XIV ғасырдың жәдігерлері, қасиетті Тайқазанның Эрмитаждан елге оралған суреттері қойылып, олардың әрбірінің тарихы түсіндірілді. Оқушылар тарапынан жәдігерлерге қатысты көптеген сұрақтар қойылып, қызықты пікірталасқа ұласты.