Алматыда ЮНЕСКО мүшелерінің халықаралық семинары өтті

Алматыда ЮНЕСКО мүшелерінің халықаралық семинары өтті

11.03.2019 Off 69

OQSYZ.Алматы қаласында ЮНЕСКО мамандарының қатысуымен «Орта Азиядағы тарихи қалалық ландшафтарға бағытталған тәсілді енгізу арқылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін  техникалық қолдау» семинар-тренингі өтті. Басқосуға  Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің ғалым-мамандары мен ЮНЕСКО және ИКОМОС мүшелері қатысты.

Семинарда тарихи қалалық ландшафтар қағидалары, оларды іс жүзінде қолданудың әдіс-тәсілдері мен қиындықтары жөнінде әдістемелер мен талқылаулар ортаға салынды.

Айта кетсек, Мәдениет және спорт министрлігі Түркістан қаласындағы 88,7 гектар аумақта орналасқан ортағасырлық тарихи-мәдени мұра нысандарын тарихи келбетін анықтауға және қалпына келтіруге арналған жобаны әзірлеген болатын. Осыған орай «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты 17 нысанда ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жобасын әзірлеп, 2021 жылға дейін жұмыстар жоспарын құрды. Оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде 2019-2021 жылдары қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

Суреттерді түсірген: Досжан Балабекұлы

Kazgazeta.kz