Отырарлық шаруалар жүгері дақылдары өнімділігін арттыру бойынша көш бастап тұр

Отырарлық шаруалар жүгері дақылдары өнімділігін арттыру бойынша көш бастап тұр

01.02.2019 Off 182

OQSYZ. Тарих еншісіне қалған өткен жыл Отырар ауданы үшін жүйелі жұмыстар нәтижесі мен межелі міндеттердің артығымен орындалуымен есте қалған.
Әлеуметтік, экономикалық даму мен туристік әлеуетті дамытуға бағытталған іргелі аймақ ретінде орны бар тарихи Отырар ауданында ауыл және малшаруашылық, кәсіпкерлік салаларында да көші ілгері.
Оған дәлел, ағын судың тапшылығына қарамастан аудандағы ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды қолдану арқылы мол өнім алынып, облыс бойынша ауылшаруашылық өнімінің көлемі бойынша алдыңғы үштіктен көрінсе, жүгері дақылдарының өнімділігін арттырудан бірінші орынға қол жеткізген. Ал, мал шаруашылығын дамытуда да түйе сүтін өндіруде бірінші орыннан көрінген.
Өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі артып, 2018 жылдың есепті мерзімінде негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 14 млрд 623 млн теңгені құраса, 2017 жылмен салыстырғанда 105,2 %-ға артқан.
Сондай-ақ, 2018 жылы ет экспорттау жұмысы алғаш рет қолға алынып, қой етін экспортқа шығару жоспары 259 тонна болса, бүгінгі таңда Иран мемлекетіне 272 тонна ет дайындалып, межелі жоспар 105 пайызға артығымен орындалған.
-“Аудан халқы үшін өткен жылдың тарихи оқиғасының бірі – газ құбырын тарту жұмыстары қолға алынып, 34 елдімекеннің 22-не газдандыруға арналған жобалық сметалық құжаттар дайындалған.
Облыстық бюджет есебінен 6 елді мекенде жалпы құны 2 млрд 690 млн. теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары басталып, қарқынды жүргізілуде”,-деді Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов аудан халқы алдындағы есеп беру кездесуінде.