Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге бірқатар тапсырмалар жүктеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге бірқатар тапсырмалар жүктеді

06.08.2019 Off 92

OQSYZ.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминді қабылдады.

Мемлекет басшысына Арыс қаласындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысы және Түркістандағы жаңа инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұдан бөлек, Президентке тартылатын шетел инвестицияларының ағымдағы көрсеткіштері, Еуразиялық экономикалық одақ аясында ықпалдастықты дамыту, 2020 жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық туралы мәлімет берілді.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың тиімді жүзеге асырылуын, сондай-ақ Арыс қаласындағы барлық қалпына келтіру жұмыстарының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.