Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады

02.08.2019 Off 196

OQSYZ.Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді-мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.