Асқар Мамин Қоянды су қоймасын өз қолымен тазартып шықты

Асқар Мамин Қоянды су қоймасын өз қолымен тазартып шықты

20.07.2019 Off 88

OQSYZ.ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қоянды су қоймасын тазарту бойынша «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. 

Акцияға 1200-ден астам адам атсалысты. Олардың қатарында ҚР Үкіметінің мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Ақмола облысының әкімі, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, студенттер, еріктілер бар.

Акция қатысушылары су қоймасы жағалауы аумағын қоқыстан тазартып, қоқыс жинайтын арнайы құрылғылар қойды. Сары контейнерлерге өңдеуге болатын қалдықтар жиналса, жасыл жәшіктерге өңделмейтін қоқыстар салынды.