KAZ    QAZ    RU    TR    EN 🗓24/03/2019

Нұрсұлтан Назарбаев шейх Заид мешітіне барды

Нұрсұлтан Назарбаев шейх Заид мешітіне барды

14.03.2019 Off 15

OQSYZ.Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласындағы көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітін аралап көріп, осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның рухына тағзым етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мешіт ғимаратының архитектуралық ерекшелігімен танысып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Мешітке бір уақытта 50 мың адам сыяды. Ғибадат орнының бұрыштарына биіктігі 107 метр болатын төрт мұнара орнатылған. Бас ғимараттың сыртқы қабатын ақ мәрмәрмен көмкерілген 82 күмбез жауып тұр. Мешіттің ішкі аумағы 17 400 шаршы метр.